“…дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалар орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады”, – делінген құжатта.
Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.
«Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды», — делінген ақпаратта.
https://stan.kz/kazakstanda-mektep-darethanalari-zhabik-kabinalarmen-zh-389595/