Қазақстанда 5 мың адам түрмеден босатылады

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты гуманизациялау шаралары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қылмыстық саясатты гуманизациялау жұмысы күшейді. Осы орайда арнайы заң жобасы да даярланды. Оған сәйкес, 260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендейді.

Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқаратын болады. «Сосын аса ауыр қылмыстар бойынша жазаға тарту мерзімі 5 жыл деп белгіленіп отыр. Осының негізінде 5 мыңға жуық сотталған адамды босатуға болады. Мемлекет басшысы ол заңға қол қойды», — деді Қ.Қожамжаров бүгінгі алқа мәжілісте.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment