3 мамыр күні Новосибирскіден Бакуге бағыт алған ұшақ Қазақстан аумағына жақындағанда кері бұрылуға мәжбүр болды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Ал РЕН ТВ хабарлауынша, S7 компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған. Олардың айтуынша, Новосибирск – Баку бағытындағы S7 5579 рейсі жолаушының жағдайына байланысты жоспардан тыс Омскіге қонған.
Омбы әуежайында науқас жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Қазіргі уақытта ұшақты қайта ұшуға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.