Интернетте балағат сөз қолданғандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек

Енді әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат сөз жазғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында жарияланды.
Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі тәртіпті реттеуге бағытталған түзетулер әзірленіп жатыр. Құжатта онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу көзделіп отыр. Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86500 теңге көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
Comments (0)
Add Comment