Жыл қорытындысы бойынша Ерназар ауылдық округінде өткен кездесуде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлына @erlan_qydyralyuly ауыл азаматтары орталық көшедегі спорт нысанына жасанды тоған төселсе деген өтінішін жеткізген болатын.
Сөзден-іске келер болсақ, бүгінде балалардың ойын алаңына айналған нысанда ауыл жастары бос уақытын өткізеді.
— Ауыл азаматтарының талап-тілегі ескерілді. Ауылдың көрнекі жеріне айналған алаңда жасанды төсеніш төселді. Жарық шамдары да бар. Жастар түнде де салауатты өмір салтын ұстануға ешқандай кедергі жоқ, — дейді ауылдық округтің әкімі Ержан Жолбай.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі