Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты деп хабарлады turkystan.kz.
Енді тура Kaspi.kz қосымшасында санаулы ғана минутта:
– «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы;
– Психикалық денсаулық орталығынан науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы;
– «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы анықтамаларды алуға болады.
Олар жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда немесе виза алғанда қажет болады.
https://turkystan.kz/article/198091-densaulyk-saktau-ministrligi-bankpen-birigip-zhana-servisti-iske-kosty/