Басқарма басшысы 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында жер үшін пара алған шенеунікті ұстады.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, күдікті —  жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша облыстық басқарманың басшысы. «Ол шаруа қожалығына тиесілі 25 гектар жерді мемлекет пайдасына қайтармағаны үшін 50 мың доллар талап еткен. Соның 2 млн теңге көлеміндегі парасын алды деген күдік бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, тура сондай қылмыс Ақмола облысында анықталды. Бірақ басқарма басшысы өз қылмысын іске асырып үлгерді. Екі жыл бұрын ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, төрт жер телімін мемлекетке қайтармай, жеке пайдалануға берген. Соның салдарынан бюджетке 2 млн теңге көлемінде шығын келді.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment