Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Бүгінде Ата Заңымыз жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді, — деген шаһар басшысы еңбегімен еленген бірқатар азаматқа Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімдерінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.