Нью-Джерси штатының тұрғыны Роберт Стюарт бір күнде 5 млн доллар көлемінде джекпот, одан кейін лотереядан тағы 500 және 100 доллар ұтқан.
Америкалық азамат бірден бірнеше лотерея билетін сатып алып, дүкенде жүргенде-ақ 5 млн доллар ұтқанын анықтағанын айтты. Ол билетін қайта тексеру үшін лотерея қызметкеріне барған. Олар аяқ астынан байлыққа кенелген Стюартты құттықтады. Бір қызығы, бұдан кейін ол тағы екі билет сатып алған, олар да жүлделі болып шықты — біреуі 500 доллар, екіншісі — 100 доллар ұтыс әкелді.
Еске сала кетсек, АҚШ тарихында рекордтық джекпот (1,59 млрд доллар) 2016 жылдың қаңтарында Powerball-да ойнатылған. Онда сыйлық үш жүлделі билеттің иелері арасында бөлінді. Бұл билеттер Теннеси, Калифорния және Флорида штаттарында сатылған.