Облыстық көркемсурет галерясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және Д. Қонаев атындағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты сиқырлы феерия думанды кеші өтті.
Феерияда ертегі әлеміне саяхат жасалып, кейіпкерлерімен бірге ойын-ойнатылды, әуезді әндер шырқалып, түрлі жанрда заманауи билер биленді. Нәтижесінде кішкентай балақайлар түрлі сыйлықтарға ие болып, ғажайып ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтары арта түсіп, естен кетпес әсер алды.