KASE қор биржасының кешегі бағамы бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 372 теңгені құраған. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,42 доллар болды.
Қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, теңгенің синхронды түрде құнсыздануы қалыпты нәрсе.
– Қазақстанның сауда-саттық саласындағы басты әріптесі — Ресей. Шет мемлекеттерден елімізге тасымалданатын тауарлардың 30 проценттен астамы осы елдің үлесінде. Екінші орында – Қытай, одан кейінгі орын Еуропа елдері мен АҚШ-қа тиесілі. Басты әріптесіміздің валютасы құнсызданған кезде біздің теңгеміздің де синхронды түрде құнсыздануы қалыпты нәрсе. Олай болмаған жағдайда екі елдің арасындағы импорттық-экспорттық паритет бұзылады. Саудадағы паритет бұзылса, біз ұтыламыз, – дейді маман.