Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Аталған іс-шараны Адал қоғам ұйымдастырды.
Осындай кездесулер қоғамда адалдық мәдениетін нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға өз үлесін қосады