Адал ит көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күтіп жүр

Ресейдің Кемерово қаласындағы аурухананың алдын үш айдан бері торуылдаған ит жұрттың көңілін елжіретті. Жергілікті тұрғындар иттің коронавирустан көз жұмған иесін күтіп жүргенін айтады.

Басылым мәліметінше, ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр. Жергілікті тұрғындар оның ауруханаға түскен иесін күтіп жүргенін айтады. Алайда иттің иесі осында үш ай бұрын аурудан көз жұмған.

Тұрғындар итті “Хатико” деп атап кеткен.

stan.kz

Comments (0)
Add Comment