32 пәтер, 11 автокөлік: Фармацевтикалық компания басшылары 3,7 млрд теңге жымқырған

Қазақстанға дәрілік заттарды жеткізуші серіктестік БАӘ-де тіркелген компания арқылы жалған мәмілелер жүргізген. Осылайша препараттардың сату бағасын өсіріп, заңсыз пайда тапқан.
Нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.
Сондай-ақ олар жеке кәсіпкерлер арқылы 4 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырылған. 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.
Компания басшылары заңсыз келген ақшаға 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй сатып алған. Аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастады.
https://www.facebook.com/groups/653450244827316/?locale=ru_RU
Comments (0)
Add Comment