Қала аумағында тазалықты сақтау және абаттандыру мақсатында тазалық-санитарлық жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, шөп ору, саябақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мамандар көшелерде, саябақтарда, тұрғын алаптарда және қоғамдық орындардағы өсіп кеткен шөпті ретке келтіріп, аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуде.
Бұл жұмыстар қаланың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.