ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚ АМАНАТЫ

Дүниежүзілік сенбілік күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясында» «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты» атты тазалық шарасы  ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында «Ұрпақтар аллеясында» тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақты көркейтуге ерекше көңіл
бөлінді.
– Тазалық – ортақ жауапкершілік. «Ұрпақтар аллеясы» – аға буынның еңбегін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін орын. Осындай тағылымды жерде тазалық жұмыстарын жүргізу – туған жерге деген құрметтің белгісі, – деді аудан әкімі.
Таза орта – ұрпаққа аманат!
Comments (0)
Add Comment