«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңес мүшелері 68 пайызға жаңарды

201

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының соңғы екі жылда атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы және партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының облыс бойынша іске асырылу барысы ХХХІІ (отыз екінші) есеп беру сайлау конференциясында айтылды.
«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаевтың қатысумен өткен конференцияға 266 бастауыш партия ұйымы біріктірген, барлығы 53,6 мың партия мүшесінің атынан 200 делегат қатысты.
Конференцияда баяндама жасаған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партия облыстық филиалы Саяси Кеңесінің соңғы екі жылда атқарған қызметтеріне кеңінен тоқталды.
Есеп беру сайлау конференциясы барысында бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, бірқатар делегаттар облыстық партия ұйымының соңғы екі жылдық жұмысын талқылап, ашық дауыс беру нәтижесінде бір ауыздан қанағаттанарлық деп таныды. Конференция барысында Саяси кеңес қатары 68 пайызға жаңарып, жастардың үлесі 20%, әйелдердің үлесі 30% құрап отыр. Саяси Бюро кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының қатары да жаңа мүшелермен жаңартылды.
Партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев алдағы кезеңде партия мүшелерінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті. Фракция жұмысын жетілдіру, партиялық жобаларды жандандыру мен Жол картасындағы іс-шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қаматамасыз ету мәселесін де баса айтты.
Жалпы Жамбыл облыстық партия ұйымына 10 аумақтық филиал кірсе, онда 266 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген 53,6 мың партия мүшесі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.