«AMANAT» партиясының фракциясы жаңа мүшелермен толықты

107

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросы мен депутаттық фракцияның бірлескен отырысы өтті. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Алматы қаласының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттар арасында мәслихаттағы бос депутаттық мандатты бөлу. Бұл шешім Алмат Кодасбаевтың Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басшысының орынбасары лауазымына ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтауына байланысты болды.

«AMANAT» партиясының фракциясы жаңа мүшелермен толықты

Талқылау нәтижесінде бос орынға партия резервінің мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты, «Керуен-Medicus» ірі жеке медициналық орталығының бас директоры Айгүл Шалбаева ұсынылды. Кандидатты таңдау кезінде гендерлік саясат қағидаттары, сондай-ақ оның 26 жылдық тәжірибесі мен мегаполистің әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының дамуына қосқан елеулі үлесі есепке алынды.

Отырыс барысында берілген өтініші негізінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Андрей Шин «AMANAT» партиясының фракциясына қабылданды. Ол 4000-ға жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз ететін «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті. Андрей Шиннің басшылығымен кәсіпорын өз саласында көшбасшы ретінде беделге ие бола отырып, жалпыға бірдей тану деңгейіне көтерілді. Осылайша, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелерінің жалпы саны 24 депутат болды, бұл 58.5%-ды құрайды.

«AMANAT» партиясының фракциясы жаңа мүшелермен толықты

Сонымен қатар, қазір қалалық мәслихатта 6 тұрақты комиссия жұмыс істейді, оның 4-ін «AMANAT» фракциясының мүшелері басқарады. Оның ішінде Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссияны депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Алмат Кодасбаев басқарды. Осыған орай, жиналыста Тұрақты комиссияның төрағасы ретінде «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Жандос Надиров ұсынылды. 2013 жылдан бастап ол Қалалық қан орталығының басшылық қызметін абыроймен атқарып келеді, бастауыш партия ұйымының төрағасы, сонымен қатар аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.

Партия өкілдері мен отырысқа қатысушылар жаңадан сайланғандардың мәслихат жұмысына оң әсер ететініне, қала тұрғындарының әл-ауқатына және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдерді әзірлеуге және қабылдауға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

 

https://turkystan.kz/article/229758-amanat-partiyasynyn-fraktsiyasy-zhana-mushelermen-tolykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.