«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы кезектен тыс ХХХIV конференциясы өтті

178

Шараға партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия аудандық филиалының төрағалары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов облыстық филиалдың 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, биылғы жылдың межелі міндеттерін жеткізді.

Аймақтық сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасы бойынша 2023 жылға қарасты 98 көрсеткіштің 96-ы (98%) орындалды. Нәтижесінде, өткен жылдың сәуір айынан бастап 38 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал, биыл 43 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, партияның «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы 2023 жылы жоба аясында 24 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде, 24 млрд. теңгенің 20 млрд. теңгеге жуығы игеріліп, 3 мыңнан астам тұрғындар несиелендірілді.

«Жер аманаты» жобасы аясында былтыр өңірдегі 201,2 мың гектар жерлер қайтарылып, тұрғындардың қолжетімді пайдалануына берілді. Ал, биыл жоспарға сәйкес өңірде 80 мың гектар жайылымдық жерлерді қайтару жоспарлануда.

2023 жылы партияның облыстық және аумақтық филиалдарына 3221 өтініш түсіп, оның 64%-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің 36%-на заң аясында толыққанды жауаптар берілді. Жыл ішінде 19 елді мекенде көшпелі мобильді қабылдаулар өткізіліп, 757 азаматтың мәселесі тыңдалды.

Бұдан өзге, 2023 жылы партияның облыстық және аумақтық филиалдарына 3221 өтініш түсіп, оның 64%-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің 36%-на заң аясында толыққанды жауаптар берілді. Жыл ішінде 19 елді мекенде көшпелі мобильді қабылдаулар өткізіліп, 757 азаматтың мәселесі тыңдалды.

Сонымен қатар, конференцияда «АMANAT» партиясының өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2023 жылы Қордай ауданында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың баяндамасы тыңдалды. Саяси кеңес мүшелері аудандағы бірқатар мәселелер назар аударып, тиімді ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ, келелі жиында «AMANAT» партиясынан Тараз қалалық мәслихатының №25 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа Елдос Далабайдың кандидатурасын ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.