Алжир тарапы италиялық әйелмен жұдырықтасқан боксшысының трансгендер екенін жоққа шығарды: Спортшының әкесі туу туралы куәлігін көрсетті ҚОҒАМ On Авг 5, 2024 146 Бөлісу Алжирлік боксшы Иман Хелифті көпшілік биологиялық ер адам және оны жасырып жүр деп айыптады. Ол бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай, әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Биыл Олимпиада комитеті Парижде жекпе-жекке шығуға рұқсат берді. «Ол әйел, бізде барлық дәлелдер бар, соның ішінде туу туралы куәлігі бар», – деді Хелиф. Алжирде жыныс ауыстыруға тыйым салынған. Алжир тарапы оның жынысын ауыстыруы мүмкін емес деп отыр. Ол қызының бала күнгі фотоларын да көрсетті. Соған қарамастан көпшілік туу туралы куәлікті жақында жасатып алды деп күмәнмен қарайды. Себебі туу туралы куәлік 2018 жылы берілген екен. Ал сол жылы Хелифтің бокстағы мансабы басталған. Бұрын гендерлік сынақта Хелифте XY хромосомасы анықталған, бұл тестостерон деңгейін көтеріп жібереді. Оны интерсексуал яғни тума бітті ауытқушылығы бар деп те атап отыр. Еске салсақ, бұған дейін италиялық әйел-боксшы трансгендермен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты. https://stan.kz/alzhir-tarapi-italiyalik-ayelmen-zhydiriktaskan-boksshi-404271/ 146 Бөлісу