Алматылық полиция ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілрді қысқы шинаға ауысуға шақырды

37

.

Полиция алдағы күндері аймақта ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсетінін жеткізді. Ауа температурасы минус деңгейге төменедейтіндіктен жол қозғалысы да қиындауы мүмкін.

“Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарының жүргізушілері мен иелеріне қысқы шиналарды алдын ала ауыстыруды қарастыруды ұсынамыз. Жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) шиналармен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылады. Бірінші желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған”, — деп хабарлады Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.


фото: pixabay.com

https://stan.kz/almatilik-policiya-zhurgizushilerge-aua-rayinin-nasharl-408234/

Leave A Reply

Your email address will not be published.