Фото: 3dduvarkagitlari.com/Мұстафа Кемал Ататүрік
Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутатары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен «Almaty Theatre» ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», – делінген шешім жобасында.
Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Шешім жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.https://stan.kz/almatidagi-sayabakka-ataturik-ataui-berilmek-390019/