Алматыда жүргізуші қарияны таяқпен ұрып-соққан

682

Алматы полициясы бастығының орынбасары ер адамның қарияны таяқпен ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеоны тәртіп сақшылары тексеруді бастағанын айтты.

Әлеуметтік желіде ер адам көліктен түсіп, жол бойында тұрған қарт адамды таяқпен ұрып жатқан видео пайда болды.

Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл факт бойынша полицейлер тексеру бастағанын айтты.

«Бұлтартпау жазасын қолдана отырып, тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері көмегімен қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға шаралар қабылдап жатыр. Тексеру барысы мен нәтижелері Алматы қаласы ПД бақылауына қойылды. Құқықбұзушыға қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», — деді полиция бастығының орынбасары.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.