Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді қағып кетті

30

Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді басып кетті.

Полицияның мәліметінше, кісі өліміне әкелген жол апаты бүгін сағат 15:55-те Алматының Тимирязев көшесінде болған.

 «Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды», — деп делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.