Кешкі уақытта Toyota Haiz шағын автобусының жүргізушісі күтпеген жерден жолға шығып кеткен ер адамды қағып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жаяу жүргіншіні ауа райының қиындығы – қалың қардың салдарынан кеш байқаған.
Соққыдан ер адам жол жиегіне шығып кетіп, дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, ол оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, марқұм жол апаты болған жақын маңдағы үйдің тұрғыны болған.
Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден, жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 20 метр жерден кесіп өткен.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Baq.kz
https://turkystan.kz/article/256984-almatyda-zhaiau-zhurginshini-shagyn-avtobus-kagyp-ketti