Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылды: Полиция жағдайға пікір білдірді

75

Видеодан скриншот

Оқиға «Pioneer» және «Eric-Son» командаларының матчы кезінде болған.Төреші қорғаушы Әлихан Тілековке қызыл карточка беріп, ойыннан шығарып жіберген, содан кейін төбелес басталды.

Төреші осы сәтті видеоға жазып алып, полицияға арыз жазды.

«Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталғанын хабарлайды. Қазір Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мән-жай анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылғаны айтылды.

https://stan.kz/almatida-match-kezinde-toreshi-sokkiga-zhigildi-policiy-405045/

Leave A Reply

Your email address will not be published.