Өтетін күні: 4 желтоқсан 2023 жыл
Өтетін уақыты: 09:00 – 18:00
Өтетін жері: Алматы, «Regardal hotel», Пожарский,1.
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы «Шеврон» компаниясының серіктестігінде, «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады.
Медиа форумның мақсаты – түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді ынтымақтастығын күшейту, журналистердің кәсіби білігі пен білімінарттыратын ортақ жобаларды жүзеге асыру, түркі халықтарының рухани, тарихи және мәденибайланыстарын БАҚ арқылы насихаттау.
Қатысушылар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Нидерланд елдеріндегі БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері.
ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде«Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында Қазақстанның аймақтарынан жиналатын қазақ журналистер үшін семинар-тренинг, «Әлеумет – қоғам айнасы», «Еркін сөз» шығармашылық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Форум сайтына сілтеме:www.mediaforum.kz
Іс-шараға қатысу үшін тіркеуден өтіп, толтырылған нұсқаны turkgazetecilervakfi@gmail.com электронды поштасына немесе +7 (707) 455 2415 (WhatsApp) нөміріне жіберу қажет.
Қосымша ақпарат үшін:
Call centre +7 (707)455 2415
Жоямерген Нұрсая +7 (778)196 1797
Баспасөз қызметі