Алматыда екі шетел азаматы пәтерлерді тонап келген

208

Алматыда пәтерлерді тонап келген Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары ұсталды. Ұйымдасқан топтың құрамында жергілікті тұрғын да болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пәтер тонау деректеріне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталған. 1980 және 1983 жылдары туған шетелдіктер қылмыс кезінде негізгі рөлді атқарған. Ал Қазақстан азаматы оларды тиісті жерге дейін жеткізген.

«Ұсталар алдында олар Шоқай көшесіндегі жеке үйді тонаған. Олардың үй ішіне терезе арқылы кіргені анықталды. Көбіне сандық және тұрмыстық техника мен үй иелерінің жеке заттарын ұрлаған. Ер адам келтірілген шығынды 45 мың теңгеге бағалады», – деді Алматы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

Шетелдік ұрылар жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құрықталды.

«Бұл үшеуінің басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар ұрланған заттарды қалай өткізгені де анықталып жатыр», – деп қосты ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.