Алматыда Асанәлі Әшімовтің жерлеу рәсімі өтті (ВИДЕО)

62

Алматы әкімдігі

Алматыда Асанәлі Әшімовтің жерлеу рәсімі өтті (ВИДЕО): 23 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Бүгін Алматының Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің абызы, аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов пен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның туған-туыстары, достары, әріптестері және оның шығармашылығын қадір тұтқан мыңдаған азамат қазақ өнерінің дара тұлғасына құрмет көрсетті.

Қоштасу рәсіміне Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан көңіл айту жеделхатын оқып, Асанәлі Әшімовтің бүкіл ғұмырын театр мен кино өнеріне арнағанын, қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, көптеген жарқын әрі есте қаларлық бейнелерді сомдағанын атап өтті.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуі ел мәдениеті үшін орны толмас қаза екенін айтты. Оның сөзінше, өнер иесі қаланың қоғамдық және мәдени өміріне белсенді атсалысып, қазақ өнерін дамытуға және ұлттық театр мектебін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның есімі мен шығармашылық мұрасы қазақ мәдениетінің тарихында мәңгі сақталады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/273321-almatyda-asanali-asimovtin-zerleu-rasimi-otti-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.