Алматыда “Әлеуметтік журналистика” БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбында семинар-тренинг өтуде

763

Алматы шаһарында “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ ІІІ Халықаралық медиа форумы аясында “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

Алдымен жиынды “Түркітілдес журналистер қоры ” ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Еліміздің әр аймағынан келген БАҚ өкілдері белгілі медиатренер Жания Бейсенованың “Психологиялық қысым және эмоцияны басқару”, “Эмпатия” тақырыбындағы дәрістерін қызыға тыңдауда.

Семинар-тренинг қатысушылары бейне материалдар арқылы берілген психологиялық тапсырмаларды талдап, топтық және жеке жұмыс жасап, қарым-қатынас барысында туындайтын ашу, жағымды көңіл-күйде жүру және эмоциямен жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.