Алматыда адам ұрлаған күдіктілер ұсталды

146

Алматыда жергілікті тұрғынды ұрлап, жалдамалы пәтерге апарып, ұрып-соғып, ақша талап еткендер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, 40 жастағы алматылықты үш адам ұрлап әкетіп, жалдамалы пәтерде ұстап, күш қолданған және 1 млн теңгесін тартып алған.

Күдіктілер алдымен жәбірленушінің ұялы телефоны мен алтын шынжырын тартып алған.

«Қажетті көлемде ақшасы болмаған соң күдіктілер жәбірленуші Г-дан ақшаны таныстарынан алып беруді талап еткен. Жәбірленуші жолда патрульдік көлікті көріп, көмек сұрап айқайлай бастаған, сол уақытта күдіктілер қаша жөнелген. Алайда олар көп ұзамай қолға түсті. Бұл – 1995 жылы туған Ф. есімді Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ал оның сыбайластары 1994 жылғы С. мен 1996 жылы туған Ж. Шығыс Қазақстаннан. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (бопсалау) және ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

https://turkystan.kz/article/215332-almatyda-adam-urlagan-kudiktiler-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.