Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды

120

Алматы облысының полицейлері итті көлікке байлап, жол үстімен сүйреген жүргізушіні анықтады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде көліктің артынан жүгіріп бара жатқан байлаулы иттің видеосы тарады. Автордың жазуынша, жүргізуші сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 316-бабымен («Жануарларға қатыгездік көрсету») істі тергеуді бастады.

«Сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған бөлімше қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – азамат Ж., 1987 жылы туған. Қазіргі уақытта айыпталушы қатыстырыла отырып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.