Алматы облысында екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсіргені туралы ақпарат тарады

90

Деректерге сай, зорлық көрсеткендердің бірі – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі – күзет бойынша полиция қызметкері.

Екі полицей оқушы қызға істеген әрекеттерін видеоға түсіріп, басқаларға тартқан деген ақпарат бар. Ал оқиға басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппай тұрып екі қызметкер де оқиға күнінен бұрынғы датамен жұмыстан шығарылған.

Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.

“Қыздың ата-анасы да үнсіз. Олардың бұл жағдайдан хабары болмауы мүмкін немесе олардың да үндемеуі үшін полиция келісіп қойған”, – делінген желідегі жазбада.

Осыған байланысты балалардың құқығын қорғау комитетінен Динара Закиева екі күдіктінің де қазір қамауға алынғанын хабарлады.\

https://stan.kz/almati-oblisinda-eki-policiya-kizmetkeri-14-zhastagi-ok-391308/

Leave A Reply

Your email address will not be published.