Алматы облыстық мәслихатының депутаттары қандай жұмыс атқарды?

79

Халықты қолдау, оның мәселесін шешу — мәслихат депутаттарының басты міндеті. Қандай да бір қиындыққа тап болғанда жергілікті тұрғындар  олардан көмек сұрап барады.

Алматы облысы мәслихаты депутаттарының атқарған еңбектері орасан зор. Бұл ретте халықтың мүддесін қорғап жүрген жергілікті өкілдердің жұмысына шолу жасап көрсек.

Облыстық мәслихат депутаты, «Сембаев» ЖК директоры Амангелді Тілеубердіұлы Тұздыбастау, Бесағаш ауылдарында мектеп салу үшін жер учаскелерін алуға көмектесіп келеді.

Бесағаш ауылында әкімдік ғимаратының құрылысына 62 сотық жер бөлінген. Бірақ бөлінген жер ауылдан алыс және мейрамханалардың ортасында деген 560 адам петицияға қол қойған. Ал депутат Амангелді Тілеубердіұлы мекеменің құрылысына бөлінген мемлекетке тиесілі ақшаны қайтаруға көмектесті. Сатып алынған жерге өрт сөндіру бөлімін салу ұсынылды. Өйткені бір-біріне жақын орналасқан Тұздыбастау, Бесағаш, Белбұлақ, Бесқайнар ауылдарында өрт сөндіру депосы жоқ.

Сондай-ақ Талғар қаласындағы Абай, Бокин, Рысқұлов, Қонаев көшелерінің эскиздік жобаларын Амангелді Тілеубердіұлы өз қаражатына жасаған.

Қазіргі уақытта депутаттың көмегімен Тұздыбастауда амбулатория салу, Талғар қаласының №5 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, Айғаным кентіне газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ халық қалаулысы «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларының аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, киім алуға ақшалай көмек көрсетіп келеді.

Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің директоры, Балқаш аудандық мәслихатының депутаты Бақытжан Нұртайұлы жатақхана ғимараты мен колледждің практикалық корпусына күрделі жөндеу жүргізу туралы мәселені көтерді.

Қазіргі уақытта жобасы әзірленіп, қаржыландыруға өтінім берілді. Сондай-ақ депутаттың көмегімен Бақанас ауылындағы  Ы. Алтынсарин көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Депутат Бақбақты ауылында саябақ құрылысына және ауыл ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға атсалысты.

Бақытжан Нұртайұлы жыл сайын «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын іске асыруға қатысады. Өз қаражатынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік пен киім сатып алып береді.

№11 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі, «AMANAT» партиясының мүшесі, Іле аудандық мәслихатының депутаты Анастасия Михайловна белсенді азаматтық ұстанымға ие. Іле ауданының Жетіген ауылының тұрғыны ретінде ол проблемаларды жақсы біледі және тұрғындарының нақты мүдделерін қорғауға дайын.

Анастасия Михайловна Конституция мен заңдарды басшылыққа ала отырып, отандастардың игілігі үшін жұмыс істеуге тырысуда. Азаматтардың құқықтарын қорғау, ұлтаралық келісімді сақтау өзінің басты міндеті деп санайды. Ауданның экономикалық, саяси, мәдени әлеуетін, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеру үшін бар күшін салып келеді.

Анастасия Михайловна өзі жұмыс істейтін №11 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Сонымен қатар, Жетіген көшесіндегі көппәтерлі екі қабатты үйлерді газдандыру, Жамбыл, Қалибеков, Панфилов, Райымбек батыр көшелеріндегі жолдарды асфальттауда өз үлесін қосты.

 

https://turkystan.kz/article/225779-almaty-oblystyk-meslihatynyn-deputattary-kanday-zhumys-atkardy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.