Басқарма басшысы Еркін Келесовтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген сыртқы талдау нәтижелерін қарау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың қызметін оңтайландыру мақсатында цифрландыруға көшу мәселелері жан-жақты қаралды.
Жиынға басқармаға қарасты бөлім, мекеме орталық басшылары қатысты.
Күн тәртінбіндегі мәселер бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасап өтті.
Еркін Егембердіұлы халықпен етене байланыс орнату, сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, басшылар мен мамандар бекітілген функциалдық қызметтерді жауапкершілікпен атқару қажеттігін айтты.
Сонымен қатар жиында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша басшылардан жауаптар алынды
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы