Алғыс айту күні қарсаңында Жамбыл облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» шарасы ұйымдастырылды. Әлеуметтік жоба аясында мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат бостандыққа шықты. Маңызды кездесуде сотталғанның қоғамға қайта бейімделуі және бостандықтағы өмірге оралуы үшін Тараз қалалық «Мансап орталығы» мен пробация қызметінің қызметкерлері кеңестерін берді. ️Сондай-ақ шара барысында сала мамандары сотталған азаматқа бостандықтағы құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. ️Бостандыққа шыққан азаматты мекеме алдында туыстары қуана қарсы алды.
Алдыңғы