Елімізде көктемнің алғашқы күні барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтеді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалған жоқ. Мекеменің психолог аға инспекторы әділет майоры Аяулы Исакова 1-наурыз Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді.
Сотталғандар шын журектен алғыс хаттарын жазып,сағыныштарымен бөлісті. Іс-шара барысында психолог маманы сотталғандардың бір- біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған – туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Тренинг өткізудегі басты мақсат, олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын ояту.
Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру.