Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға мән беріледі

622

«Nur Otan» партиясынан Сарысу аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Серікбаев пен Р.Қамбарбаева «Сарысу» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидаттар сайлаушылармен басқосуда әлеуметтік саланы дамытудағы партияның қосар үлесі турасында сөз қозғады
Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға көңіл бөле отырып, шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін 38 дәрігерді оқытуға және медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында мобильді бригадаларды 100 пайызға жеткізуге ықпал етеміз. Бұл медициналық қызметті қолжетімді ете түседі.
Сондай-ақ, білім сапасын жақсарту да партияның басты назарында. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. Білім беруде басты назар білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға аударылатын болады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 92,3%-ға дейін қамтуға қол жеткізу үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтіп, ауылдық орта мектептерді 297 химия, биология, физика жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталады.
Жаңа талаптарды есепке ала отырып, педагогтарды даярлауға, Қосымша білім берумен айналысатын оқушылар санын 37 пайыздан 39пайызға дейін арттыруға және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастырылады.
Сонымен қатар, бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағыттайтын болады. 1000 адамға шаққанда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылуы 44,2% құрайды, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту – 30,5 пайызды құрайтын болады, – деді кандидаттар.
Бұдан кейін ұміткерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.