Әлеуметтік салаларды дамыту – басты назарда

564

Талас ауданында әлеуметтік салаларға баса назар аударылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов өзінің қорытынды есеп беру жиынында айтты.

– Жалпы ауданда білім беру саласына 2019 жылға 5 млрд. 922 млн. 541 мың теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде жалпы білім беру мекемелеріне 4 млрд. 441 млн 215 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне – 1 млрд. 9 млн. 348 мың теңге, қосымша білім беру мекемелеріне – 182 млн. 845 мың теңге. Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамту үшін 117 млн. 900 мың  теңге бөлінді. Міндетті білім беру қорына 225 млн. 885 мың 400 теңге қаржы бөлінді.

Материалдық-техникалық жабдықтауға жергілікті бюджеттен 185 дана компьютер сатып алуға 18 млн. 288 мың теңге, 170 дана компьютер сатып алуға облыстық бюджеттен 47 млн. 600 мың теңге бөлінді, – деді аудан басшысы.

Ауданда денсаулық сақтау саласы да басты назарда. Мәселен, өткен жылы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Арал, Қайыр  және Ақтөбе елді мекендерінде медициналық пунктер соғылып, ауданда медициналық нысандардың мәселесі толық шешімін тапқан.

– Ал, жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 3094 адамның 2600 жұмыспен қамтылды. 198 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсымен қамтамасыз ету жоспарланып, оған облыстық бюджеттен 37 млн. 715 мың теңге бөлінді.

Құқық қорғау саласы бойынша 2019 жылы жалпы қылмыстар 228-ден 201-ге -11,8 пайызға дейін азайған, аса ауыр қылмыс 23-тен 28-ге және ал ауыр қылмыстар 21-ден 24-ке өсіп отыр.

Қоғамдық орындардағы қылмыстар 36-дан 28-ге -22,2 пайызға, ал көшеде болған қылмыстар 20-дан 15-ке -25,0 пайызға төмендеген, – деді Б. Қазанбасов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.