Бүгін әлеуметтік салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, бұқаралық спорттық іс-шаралар жүргізу орталығы, аудандық орталық аурухана, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталығымен бірге Тасөткел, Шоқпар ауылдық округінің және Далақайнар ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында, аталған бөлімдердің жаңа жобалары таныстрылып, 2023 жылға жұмыс жоспары баяндалды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге мекеме басшылары тиісті жауаптарын берді.
Шу ауданы