ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТАУАР БАҒАСЫ

108
Ең қажетті деген азық-түліктің құнын реттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені рас. Бүгін аудан басшысы Бегзат Болатбеков аудан орталығындағы бірқатар сауда нүктелерін аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын көріп шықты, кәсіпкерлермен кездесті. Алдымен «Шұғыла» дүкеніне барды. Дүкен иесі Ерсайын Ермеков нысанның жұмысы жайлы, әлеуметтік тауар бағасының өзгергені туралы айтты. Сондай-ақ, аудан әкімі «Дәмді» наубайханасының жұмысымен танысты. -Күнделікті 3000-ға тарта бөлке нан пісіріледі. Сонымен қатар, тәтті тоқаштар мен торттар дайындалады. 3000 бөлкенің 2000 ауылдарға жеткізіледі, 1000 бөлке Қордай ауылында сатылады. Ұн, нан, қант үздіксіз жеткізіліп тұр. Әлеуметтік тауарлардың бағасын өсірмеу мақсатында қолымыздан келгенше атсалысудамыз, — деді кәсіпкер. Аудан әкімі бағаны ұстап тұру және халықтың жағдайын ескеру жайлы ескертіп, ұсыныстарын айтты. Айтпақшы, «Шұғылада» нан бағасы 95 теңге тұрады. Әкім әлеуметтік сөре қойып қоюды ұсынды. Бағаның өсуіне жол бермеу туралы әңгіме «Флагман» супермаркетінде жалғасты. Мұнда аудан әкімі бағаны арзандатуды ұсынды. Осы күні аудан әкімі аралап көрген ірі нысандар қатарында «Қордай сити» және «Семейный» сауда үйлері болды. «Ең қажетті деген әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы тұрақты бақылауда болуы тиіс. Тауар құнын негізсіз қымбаттату, алып-сатарлық, делдалдықты болдырмау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған. Алайда, бірінші кезекте, біз әрбір кәсіпкердің жеке жауапкершілігі жайлы айтуымыз керек», — деп атап көрсетті аудан басшысы. Кәсіпкерлер «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңы мен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Аудан әкімі көтерме тауар жеткізушілермен жұмыс жүргізіп, ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету керектігін ескертіп, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаевқа тапсырмалар жүктеді.
Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.