Әлеуметтік бағдарлама аясында бір азамат бостандыққа шықты

405

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың: «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудын 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту» туралы 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өткізілді.
Аталған шараға мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Д.А. Жақсыбеков, Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ УПИҚҰТ аға инспекторы полиция майоры Қ. Ақболатов, Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы М. Амреев және Тараз қалалық №3 Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Б.А.Иманмусаев қатысты.
Шара барысында ЖД-158/4 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Дархан Жақсыбеков «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының қысқаша түсіндірмесін және мақсатын айтып өтті. Ол өз сөзінде аталған әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты — сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін алғашқы күндері қоғамға бейімделу үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар, әрбір сотталғанға жеке тиісті нәтижелі жұмыс орын ұсынылатынын тілге тиек етті. Бұдан кейін, ЖД 158/4 мекемесінің САӘПТЖБ бастығының м.а. әділет майоры Е. Беспаев мекемеден босатылып жатқан сотталған сотталған Д.Ш. есімді азаматтың жазасының өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы туралы қолдаухаты Тараз қаласы №2 қанағаттандырғанын айтып өтті. Ал Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының маманы Мұрат Әмреев өз сөзінде Тараз қаласында бос жұмыс орындар тізімін ұсынып, тіркелу тәртібін сондай-ақ ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 4 және 9-баптарын түсіндіріп өтті.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық №3 Пробациялық бақылау инспекторы әділет аға лейтенанты Б.А.Иманмусаевта сөз алып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 73-бабын, Қылмыстық-Атқару Кодексінің 65,66,67-баптарын түсіндіріп, қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіп өтті. Сонымен қатар, Пробация қызметінің мамандарымен бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап көрсетті.
Өз кезегінде сотталған Д.Ш. есімді азаматтың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Ол сауалдарға заң шеңберінде жауап берілді. Шара соңында мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Дархан Жақсыбеков сотталған азаматтың келекшетегі өміріне сәттілік тілеп, шығарып салды.

Батыр Джумаев,
ЖД-158/4 мекемесі САӘПТЖБ ЕТО
Инспекторы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.