Қазір әлемнің бірқатар елінде қарттар мен жетімдер үйін біріктіру қарқынды дамып келеді.
Мысалы, Ұлыбританияда осындай орталықтың ашылғанына 1 жылдай болған. Балалар мен ересектер бір үйде қалай тұрып жатыр, бұл әдістің артықшылығы неде?
Nightingale House орталығы Лондон қаласында орналасқан. Бұл – Ұлыбританиядағы қараусыз қалған қарттар мен жетім балалар тұратын ең алғашқы орын. Мұнда олар күн сайын бірге уақыт өткізіп, әңгімелеседі. Түрлі буын өкілдерін бір ғимаратта бағып-қағу идеясы 1976 жылы Токио қаласында пайда болды. Ал алғаш болып бұл тәжірибені АҚШ енгізді. «Мұндай әдістің пайдасы көл-көсір», – дейді сала мамандары.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай қарым-қатынас егде жастағылардың денсаулығына оң әсер етеді. Айтуларынша, күн сайын кішкентай бүлдіршіндермен сөйлескен қарияның көңіл-күйі жақсарып, жалғыздық сезімі ұмтылып, қан қысымы реттеледі.
Олар бірге музыка, би, сурет салумен айналысып, әңгіме-дүкен құрып, тамақ дайындайды. Осылайша мейірімге зәру балалар махаббатқа бөленіп, ал үлкендер өнегесін оларға мирас етеді.
Фэй Гарсиа, қарттар үйінің тұрғыны:
— Балалар келмес бұрын бұл жер мазарға ұқсайтын. Олар бізді энергиясымен қуаттап, өмірге деген құлшынысты оятады. Жасарып қаламыз. Өзімнің балам жоқ. Айтайын дегенім: бұл тәжірибе маған қатты ұнады.
Мұндай орталықтар бірнеше жыл бұрын алғаш рет АҚШ-та ашылды. Қазір Құрама Штаттарда осындай жүздеген мекеме бар. Бұл тәжірибе көршілес Канада мен Аспан асты елінде біртіндеп енгізіліп жатыр. Ал Сингапур үкіметі алдағы жылдары осындай 10 мекеме ашуды жоспарлап отыр.