Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

105

Синоптиктер 1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз, болады.

«Күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Қазақстанда жел 15-25 м/с күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасының күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста – 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі ықтимал. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.

https://turkystan.kz/article/218577-aldagy-ush-kunde-elimizde-aua-rayy-kanday-bolady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.