
https://turkystan.kz/article/259247-alaiaqtyq-zasagan-kudikti-saud-arabiiasynda-ustaldy
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.
2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.