Игілік ауылдық округінде ауылшаруашылық саласының ардагері, білікті басшы, білгір маман болған Майкен Ботабековты еске алуға арналған үлкен футболдан аймақтық жарыс өтті. 6 маусым күні басталған іріктеу ойындарына ауылдық округтерден 12 команда қатысып, финалдық кезеңдерінің ойындарына кіл мықтылар қатысты.
Шараның марапаттауына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, Майкен Ботабековтың өмір жолы мен ауданға сіңірген еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің бөлім басшысы Байқадам Жуасбеков пен еңбек ардагері Мираш Баяхметов те жылы лебізін арнады.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1 — орынды Жаңаталап, 2 — орынды Игілік және 3 — орынды Өндіріс командалары өзара бөлісті. Жарыстың жеңімпаздары дипломмен, кубокпен және медальдармен марапатталды.
и ещё 6
Все реакции:
38Фатима Бейсекеева, Sarysu Audandyk Karji Bolimi и ещё 36