Ақтөбеде полицейлер тұрғындарды өрттен аман алып шықты

63
Ақтөбеде полицейлер тұрғындарды өрттен аман алып шықты
istockphoto.com
Ақтөбеде полицейлер тұрғындарды өрттен аман алып шықты: 5 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

4 қаңтарда Ақтөбеде Ломоносов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт туралы хабар күндізгі уақытта жедел қызметтерге түсті. Оқиға орнына алғаш болып патрульдік полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Шынберген мен Аслан Айтжанов жетті. Полицейлер дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Кіреберісте қою түтін болып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Полиция қызметкерлері жоғарғы қабаттарда болған үш тұрғынның қауіпсіз жерге шығуына көмектесті.

Олар жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін эвакуациялау жұмыстарын бірлесіп жалғастырды. Барлығы 24 тұрғын өрттен аман қалды. Тағы төрт адамды өрт сөндірушілер автосатының көмегімен эвакуациялады.

Полиция және өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.