Ақтөбеде көлік қағып кеткен оқушы аман қалды (ВИДЕО)

16

https://turkystan.kz/article/272489-aqtobede-kolik-qagyp-ketken-oqusy-aman-qaldy-video

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бүгін кешке Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы Мир көшесінде болған.

Полицияның мәліметінше, әйел мен жас қыз жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған. Сол сәтте оқушы алға жүгіріп шығып, Hyundai маркалы көлік соғып кеткен.

Бейнежазбадан көліктің жанында болған әйел адамның (алдын ала мәлімет бойынша — қыздың туысы) жүргізушіге ашуланып, оны қолындағы затпен бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Ол бірден жүргізушіге тап берген.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті оқушының жарақат алғанын және ауруханаға жеткізілгенін растады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272489-aqtobede-kolik-qagyp-ketken-oqusy-aman-qaldy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.