Ақтөбеде демалыс базасында қарда жүретін көлік руліне мектеп оқушысы отырып, бірнеше адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оқиға бүгін сағат 15:30-да «Тау» демалыс базасының аумағында болды. 2007 жылы туған ақтөбелік жасөспірім қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
«Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды. Ал 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған бес бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, рульде отырған мектеп оқушысы болып шықты.