Ақтөбеде баласын шайханаға тастап кеткен әйел ұсталды

94

Ювеналды полиция қызметкерлері үш апталық қызды балалар үйіне жеткізді.

Ал Ақтөбеде жалдамалы пәтерде тұратын 31 жастағы оның анасын анықтап, полиция бөліміне әкелді.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, әйел алкогольдік ішімдік ішкен таныстарымен кездескенін түсіндірді.

Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке алынған.

Еске салсақ, Ақтөбеде әйел жаңа туған баласын шайхана қызметкерлеріне бірнеше минутқа қарай тұрыңыз деп қалдырып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

 

 

https://stan.kz/aktobede-balasin-shayhanaga-tastap-ketken-ayel-ystaldi-389022/

Leave A Reply

Your email address will not be published.